Жаңалықтар

Балықшылар ҚР Конституция Күні мерекесін Астана су қоймасында атап өтті

Астана қаласы әкімдігі «ЖасНұр» ӨШК МКҚК-ны 2019 жылдың 30 тамызында ҚР Конституция Күні мерекесіне орай спиннингпен балық аулау жарысын өткізді. Жарысқа 53 адамнан өтініш түсіп, 48 адам қатысты, оның 1-уі әйел кісі болса, біреуі ата-анасының қатысуымен 16 жасар Нагиев Ильяс Расулович, қалған қатысушылар ер кісілер. Жарыс өз ережесі негізінде ауысу тәсілі арқылы үш сағат көлемінде жекелей сында өткізілді. Жарыс кезінде желдің ұйытқуы өте жоғары (шамамен 25-30 м/сек) болуына байланысты балық өте аз қабылды. Жарыста ең бірінші балық қапқан, Ең үлкен балықты қапқан номинациясымен бірінші орынды Киль Надежда Александровна иеленсе, екінші орынды Уристембаев Ален Жанатұлы, Үшінші орынды Ли Тимур Валерьевич иемденді.

Жарыс әр сектордан 200 метр аралық арқылы үш сектор 600 метр алаңда Астана су қоймасында спиннингпен аға төрешімен әр сектордағы төрешілер құрамымен өтті. Жарыс кезіндегі бір ерекше жайт, қатысушы жалғыз әйел кісі С секторынан 2 балық қапса, А секторынан 1 балық қауып өз тәжірибелігімен әккілігін көрсетті. Бұл балық аулау жарысы кәсіпорын тарапынан 2013 жылдан өткізіліп келеді. Ең алғашқы балық аулау жарысында 15 адам ғана қатынасты. Ол кезде қазіргідей төрешілер құрамы мен ережесі жетілдірілмеген болатын. 2014 жылы қысқы балық аулау жарысында 40-қа жуық адам қатысып, 38 кг. шамасында балық қапса, 2016 -2017 жылдары өткізілген балық аулау жарыстары республикалық, тіпті халықаралық деңгейде 80-ге жуық адам командалық есепте жарысқа қатысты. Жарыс нәтижесінде 77 кг. балық қабылып, тірі балықтар кейін суға қайта жіберілді. Және жарыс соңында командалық арқан тартыс, қол күрес, гир тасын көтеру сияқты жарыс түрлерінен сынға түсіп, арты мерекелік шараларға ұласты. Бұл жарыстардың тәртіп ережелерінің сақталуы мен ұсталған тірі балықтарды су айдынына қайта жіберу, шараның мерекелік тұрғыда өтуіне үлесін қосып жүрген «Астана қаласы Фишинг Клаб» балықшылар клубының, «Ақмола облысы жануарлар дүниесі аумақтың инспекциясы» мен «Казахрыбхоз» балықшылар қоғамының еңбектері ерекше. Балық аулау бұл табиғатпен адам арасының жақындауының адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстану мен табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыратын адам денсаулығының кепілі.

Астана қаласы әкімдігінің «ЖасНұр» ӨШК МКҚК-ны балықшылар мен ұйымдарға турнир өткізуде көмек көрсеткендері үшін шын жүректен алғыс білдіреді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу