Мекеме туралы
Астана қаласы әкімдігінің «ЖасНұр» өндірістік-шаруашылық кәсіпорыны» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 7 ақпандағы №205-135 қаулысымен табиғатты қорғау және табиғатты ұтымды пайдалануды жүзеге асыру, экологиялық тепе-теңдік пен тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, экологиялық туризмді дамыту мақсатында құрылды.
2019 жылы наурыз айында Астана қаласы әкімдігінің 19.03.2019 жылғы №205-397 жарлығымен «Есіл-Астана» Мемлекеттік кәсіпорнымен қосылып, Астана қаласы әкімдігінің «ЖасНұр» МКҚК болып қайта құру жүргізілді. Нәтижесінде кәсіпорынға арнайы су жабдықтары – моторлы кемелер, қайықтар және басқа да жолаушы кемелері берілді.
Кәсіпорынның бекітілген су айдындарында негізгі мақсаты:
- флора мен фаунаны сақтау;
- экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, шаруашылықтың немесе өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болдырмау;
- Биологиялық әртүрлілікті сақтау және табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыру;
- Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін тиімділікті қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
- Кәсіпорынға бекітілген су объектілері аумағында өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауды қамтамасыз ету;
- Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекарасына Есіл өзенінің кеме жүретін бөлігінде жол жүру жұмыстарын жүргізу;
- Нұр-Сұлтан қаласының су айдындарында су түбін тазарту (судың түбін шөгінділерінен тазарту), жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізу;
- Су қоймаларын пайдалану, күту және санитарлық тазарту жұмыстары, оған жақын орналасқан жағалауды тұрмыстық қалдықтардан (ҚТҚ) тазарту артық арамшөптерді шабу (қамыс, шөп, балдыршөп және т.б.) және жағалаудың ластануына жол бермеу.
- Нұр-Сұлтан қаласының су айдындарында балықтардың қырылуына қарсы іс-шаралар (аэрация) жүргізу;
- Бекітілген су объектілері мен су қоймаларында балық шаруашылығы мелиорацияларын – балық жіберу жүмыстарын жүргізу;
- Бөгеттер мен басқа су құрылыстарына техникалық қызмет көрсету;
- Қоянды су қоймасындағы рекреациялық аймағын дамыту.