Қосымша ақпарат

Нұр-сұлтан қаласының маңызды су айдындарындағы табиғатты қорғау іс-шаралары

«Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ «Жаснұр» кәсіпорнымен бірлесіп, Астана және Қоянды су қоймаларының аумағында күн сайын қорықшылық қызмет жүргізеді. Осылайша, балық аулау, су қоймаларының ластану жағдайын бақылау және браконьерліктің жолын кесу қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл жұмыстар табиғи аумақтардың бекітілген учаскелерінде биологиялық ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында жүргізіледі. Балық аулау ережелерінің сақталуын, сеніп тапсырылған аумақтың жай-күйін бақылауды жүзеге асыратын қорықшылық қызметке белгілі бір бағыт бекітілген.

Қорықшылық қызмет бір мезгілде күзетілетін аумақтағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жай-күйіне бақылау жүргізеді. Балық аулау әуесқойлары арасында тиісті ережелерді сақтау, сондай-ақ су қоймаларының санитарлық тазалығын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру үнемі жүргізіледі. Су қоймаларын браконьерліктен қорғау, жағасын қоқыстан тазарту, сол сияқты Қоянды және Астана су қоймалары аумағының ластануына жол бермеу бойынша алдын алу жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Биыл «Таза табиғат» ұлттық жобасының аясында өткізілетін «Таза су айдындары» экологиялық акциясының іс-шараларын іске асыру шеңберінде «ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-мен бірлесіп Астана және Қоянды су қоймаларында балық аулау қағидаларында рұқсат етілмеген аулау құралы ретінде тасталған 2 ау (синтетикалық моножіптерден жасалған) табылды. Сонымен қатар, әр су қоймасының аумағында 100 қап қоқыс жиналды.

Айта кету керек, 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында шортан, аққайран және көксерке сияқты балық түрлерін аулауға тыйым салынды. 20 мамырдан 20 маусымға дейін тұқы балық түрлерін аулауға тыйым салынады.

Уылдырық шашу кезеңінде инспекторлармен бірлесіп, құқық қорғау, табиғат қорғау органдарының өкілдерін жұмылдыра отырып, рейдтер жүргізеді. Шектеулер мен тыйымдарды бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамада 10-нан 20 АЕК-ке дейін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары қарастырылған. Бұл 29-58 мың теңге аралығын құрайды.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу
Жабу