Жаңалықтар

Қоянды су қоймасында балық аулаудан 2021 жылдың Қазақстан Республикасы Чемпионатының 1 кезеңі өтті

2021жылдың 20-21  наурыз күндері Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ЖасНұр» МКҚК»  бекітілген Қоянды су қоймасында Балық аулау федерациясымен бірлесіп ұйымдастырылған спорттық балық аулау бойынша Қазақстан Республикасы Чемпионатының 1 кезеңі өтті.

Мақсаты:

  • Осы спорт түрінен мықты спортшыларды анықтау және халықаралық жарыстарға қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасын құру
  • Қазақстан Республикасының әр аймақтарынан келген спортшылар арасында тәжірибе алмасу
  • Қазақстан Республикасында балық аулау спорты мен салауатты өмір салтын насихаттау, халықты табиғатты аялау, су ресурстарын қорғау тұрғысынан тәрбиелеу, браконьерлік заң бұзушылықтарға қарсы іс-шаралар

Су қоймасын таңдауда кездейсоқтық болған жоқ, өйткені ол географиялық параметрлері мен биологиялық ресурстары жағынан спорттық балық аулау бойынша әлем чемпионатын өткізуге сай су қоймасы. Жарыстың барлық қатысушылары су қоймасының спорттық балық аулау бағытына жасалған мүмкіндіктері үшін ризашылықтарын білдіріп,  бірінші күннен бастап – ақ жақсы аулағандықтарын  айтып  өтті. 2021 жыл Қазақстан Республикасы Чемпионатының нәтижелері, Хаттаманың 1-ші кезеңі.

Қоянды су қоймасында Компания жыл сайын, су қоймасын жинау және биологиялық әртүрлілікті сақтау және су қоймасының экожүйесін жақсарту үшін балықты жасанды қоректендіру бойынша іс-шаралар өткізіледі.

Таңбалар
Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу
Жабу