Қосымша ақпарат

Көпірлер мен құбырларды қардан және мұздан тазарту бойынша жүргізілетін қысқы жұмыс түрлері

Көктемгі су тасқынының алдын алу мен арналарды кедергілерден тазарту мақсатында «Нұр – Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ «ЖасНұр» өндірістік – шаруашылық кәсіпорнымен бірлесіп, Есіл өзенінің бойындағы Газ аппаратура аймағы мен Ақбұлақ  саласыны  Ш.Құдайбердіұлы көшесінен Амман көшесіне дейін және Сарыбұлақ саласы аймағындағы Қарасай батыр көшесінен Н.Тілендиев көшесіне дейінгі бөлікте елорданың шағын көпірлері мен құбырларын шөгінділерден тазарту, яғни  қысқы жұмыс түрлері жүргізілді. Сондай-ақ, көпір тіреуіштеріне түсетін салмақты азайту мақсатында,  көпір астындағы мұз бен қарды тазарту жұмыстары  жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, Есіл өзені жағалауы мен оның салаларының баспалдақтарын қардан және мұздан  тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Қала тұрғындарының жаяу серуендеуіне өте ыңғайлы.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу
Жабу