Қосымша ақпарат

Нұр-сұлтан қаласының су айдындарында жүргізілген балықтардың қырылуына қарсы іс-шаралар

Алғаш рет толық масштабты «Нұр-сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ өздеріне бағынышты «ЖасНұр» шаруашылық кәсіпорнының күшімен суды аэрациялауды – Есіл өзенінде және оның салаларында, сондай-ақ кәсіпорынға бекітіліп берілген Қоянды және Астаналық су қоймаларында балықтардың қырылуына қарсы іс-шараларды жүргізуде.

Кез келген су айдынының тіршілігін қамтамасыз ету үшін басты шарт суды оттегімен уақтылы қанықтыру. Қар мен аяз су қоймада тіршілік етушілер үшін нағыз апат болып табылады, өйткені су қоймаларындағы қалың мұз бен қар жамылғысы су қоймаларына оттегі мен жарықтың түсуіне кедергі келтіреді, бұл өз кезегінде балықтардың жаппай қырылуына әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты жыл сайын қыстың соңында, мұз астында оттегі мөлшері төмендеген уақытта, Астана қаласы әкімдігінің «ЖасНұр» өндірістік-шаруашылық кәсіпорны» МКҚК бекітіліп берілген Қоянды, Астаналық су қоймаларында және Есіл өзені мен Ақбұлақ сағасында мелиорациялық жұмыстарды мынадай қағидалар бойынша жүргізеді: кесілген майндарға сорғыш шлангтер орналастырылып, мотопомпа құрылғысының көмегімен бір ұңғымадан екінші ұңғымаға айналыс жасап отырады. Мотопомпа сорғысының көмегімен су ұңғымадан ұңғымаға айналыс жасайды және су шашырауы кезінде оттегімен қанықтырылады. Одан әрі, шұңқырларға қамыс шоқтары орнатылады, қамыс кері қатып қалуға жол бермейді және судың үнемі оттегімен байытылуын қамтамасыз етеді. Биыл су айдындарында мұздың қалыңдығы 55 см-ден 1 м-ге дейін жетті.

2021 жылдың 16 ақпанында Есіл өзеніндегі аэрация процесі «ҚАЗАҚСТАН» РТРК» АҚ өкілдерінің қатысуымен жүргізілді, эфирдің көрсетілімі 2021 жылдың 17 ақпанында «Таңшолпан» таңғы бағдарламасына жоспарланған.

Есіл өзенінде, сондай-ақ Астана және Қоянды су қоймаларында  балықтардың қырылуына қарсы іс-шаралар ағымдағы жылдың наурыз айының ортасына дейін жалғасады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу
Жабу