Қосымша ақпарат

Астана және Қоянды балық шаруашылығы су қоймаларында жүргізілетін ветеринардық-санитариялық бақылау

Балық шаруашылығына арналған су қоймаларында су мен балықтың ветеринариялық-санитарлық жағыдайына ерекше назар аудару қажет. Сол себепті Астана қаласы әкімдігінің «ЖасНұр» өндірістік-шаруашылық кәсіпорыны» МКҚК жыл сайын бекітіліп берілген Астана және Қоянды су қоймаларында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізеді.

Суға санитарлық-микробиологиялық және балықтарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін ветеринарлық зертхана өкілдерінің қатысуымен әр су қоймадан қажетті сынамалар алынады. Судың сынамаларын, су қоймалардың гидробиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып бірнеше жерден, яғни судың беткі қабатынан 10-15 см тереңдікте және су қоймасының түбінен алынады. Балықтарды ветеринарлық тексеру санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Зертхана шығарған сынау актілерінде су қоймалар санитарлық-экологиялық тексерістің оң нәтижелерін байқатады, бұл тұтастай балық өнеркәсібі үшін қолайлы.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу
Жабу