Балық шаруашылығы су қоймаларында жүргізілген балықтардың қырылуына қарсы іс-шаралар

Астана қаласы әкімдігінің «ЖасНұр» өндірістік-шаруашылық кәсіпорыны» МКҚК желтоқсан айында балықтар үшін қолайлы оттегі режимін жасау мақсатында, балықтардың қырылуына қарсы (аэрация) іс-шаралар жүргізді. Жұмыстар Есіл өзені аумағындағы Күйгенжар-Мичурино ауылдарында, сондай-ақ Астана және Қоянды су қоймаларында өкізілді.
Аэрация жұмысына «Ақмола облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы» РММ бас маманы Карабаев Ж.А., Астана қаласы әкімдігінің «ЖасНұр» өндірістік-шаруашылық кәсіпорыны» МКҚК директоры Арипбаев Н.Т., Қоянды ауылдық округының әкімі Есеев А.Ж., Арнасай ауылдық округының әкімі Гутяр А.Э., сонымен қатар жұмысшы күш: қоршаған ортаны қорғау және су ресурстарын реттеу бөлімінің мамандары, кәсіпорынның флотты пайдалану мен қорықшы қызметі қатысты. Мұз жаруға арнайы құрылғылар мотопомпалар мен мұзды тесіп-жаруға арналған құралдар қолданылды.
Нәтижесінде су қоймаларда 26 майн дайындалып, Астана су қоймасында 1398, Қоянды су қоймасында 982 мұзды тесіп бұрғылау жумыстары жүргізілді. Ойылған шұңқыршалар бір-бірінен 3 метр ара-қашықтықты құрайды және 11520 м3 көлемінде атмосфералық оттегімен байытылған су айдалынып, әрбір шұңқырға қамыс бумалары орналастырылды.
Орналасуына байланысты Есіл өзені 2 аумаққа бөлінді: Күйгенжар және Мичурино. Мичурино аумағында 1762 шұңқырша және Күйгенжар аумағында 2028 шұңқыршалар ойылып, 32 майн дайындалды. Атмосфералық оттегімен байытылып, айдалған судың жалпы көлемі 127 680 м3 құрады.