Жаңалықтар

Есіл өзенінің түбі мен аймағына жасалған сүңгуірлік жұмыстар

Газмашаппаратурадағы плотинадан  Сарайшық көшесі бойындағы «Арқар» көпіріне дейінгі кеме қатынасы учаскесіндегі Есіл өзені түбінің жай-күйін, батпақтануын және өзеннің тереңдігін өлшеу жұмыстары-сүңгуірлік  тексерумен жалғасуда.

Газмашаппаратурадан «Серуен» көпіріне дейінгі Есіл өзенінің түбі негізінен толқын тәрізді қалыптасқан, түбіндегі батпақ-тұнбаның қалыңдығы кей жерлерде  0,2 м-ден 1,0 м-ге дейінгі  аралықты құрайды. Газмашаппаратура аралынан 200-300 м қашықтықта су лалагүлдерінің орналасуы қалыптасқан, ауданы шамамен 0,8 га, түбі қатты топырақтан тұрады, Бұл жердегі судың тереңдігі 1,5-2,0 м шамасында, балықтың уылдырық шашатын аймағы болып есептеледі.

«Серуен» көпірінен «Қараөткел» көпіріне дейін өзен арнасының түбіндегі қайраңның қалыңдығы кей жерлерде 1,0 м-ден 3 м-ге дейінгі ауытқиды. Арнаның ортасындағы өзеннің ең терең жерлері 5 метрге дейін жетеді, өзеннің сол жағалауында қалалық парктің шомылатын жағажайы орналасқан.

«Қараөткел» көпірінен «Арқар» көпіріне дейін өзен түбінде тұнба қалыңдығы 0,4 м-ден 1 м-ге дейін ауытқиды. «Қараөткел» көпірінің ауданында диаметрі Ф1000 мм екі ескі болат құбырлар су астында орналастырылды, олар ішіндегі ауаның салдарынан жер бетіне шығып кетіп,  кейін кері қарай су басып, су ішіне 5 метрге дейін қайта орналасты.

Жүргізілген Есіл өзенінің  түбін тексеру  жұмысының нәтежиесі Нұр-Сұлтан қаласы аймағындағы Есіл өзені кеме қатынасы учаскесінің түбінде толқын тәрізді қайраңның пайда болуы және лайлану процесі бар екенін көрсетті. Қайраңның кеме жүрісіне қауіпсіз, қанағаттанарлық жағдайда екенін көрсетеді. Тельмано т/а «Жасыл арал» ауданында кеме қатынасы учаскесінің алдында, тұнбаны ұстау мақсатында жыл сайынғы су түбін тазарту жұмыстарының тәжірибесі жақсы нәтиже көрсетеді. Осыған орай кеме қатынасы учаскесі өзеннің тереңдігі  бойынша теплоходтарды кедергісіз жүзіп өтуге мүмкіндік береді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу
Жабу