Жаңалықтар

Елордамыздың негізгі бұлақ көзі Астана және Қоянды су айдындары бағалы балық тұқымдарымен толысты

Астана қаласы әкімдігінің «ЖасНұр «өндірістік – шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өз  жарғысындағы биологиялық әртүрлілікті сақтау, қала су қоймаларының экологиялық тепе теңдігін қамтамасыз  ету және тұрғындардың өмір  сүруі үшін қолайлы  ортаны құру  мен халықты  табиғи  ортамен байланыстыру арқылы спорттық-әуесқойлық балық  аулау  қызметтерін дамыту негізінде  2019 жылдың 30-31-ші қазандарында Астана (Вячеславск) және Қоянды су қоймаларына бағалы өсімдік қоректі ақ амур және тұқы балық шабақшаларымен молайтылды.

Жіберілген балық шабақшаларының ішінде ақ амур балығы кәсіптік құндылығымен қатар, биологиялық  мелиоратор қасиетімен де ерекшеленеді. Жалпы су  қоймаларға балықтандырылған  шабақшаларының саны 165431 дана, оның 116022 данасы (58054 дана тұқы шабақшасы мен 57968 дана ақ  амур  шабақшасы) Астана су  қоймасына жіберілсе, 49409 данасы (24746 дана тұқы балығы шабақшасы, 24663 дана ақ  амур балығы шабақшасы) Қоянды су  қоймасына жіберілді. Балық шабақшалары арнайы көлік құралдарымен жеткізілген, сонымен қатар, балықтандыру жұмыстары Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы инспекторы, «Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС-нің Солтүстік филиалы маманы мен Арнасай, Қоянды  ауылдық округтері мамандарының қатысуымен өткізілді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу