Жаңалықтар

Қоянды су қоймасына балық жіберілді

Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің  «ЖасНұр»  өндірістік-шаруашылық кәсіпорнының мамандары елорда іргесіндегі Қоянды су қоймасына біржаздық тұқы балығының 54500 данасы 11 қазан күні 2019 жылы жіберілді.

Кәсіпорын еліміздегі табиғи ресурстарды қорғау, балық және аңшылық шаруашылығын дамыту мен олардан алынған өніммен халықты қамтамасыз ету мақсатында 2012 жылы құрылған болатын. Осы уақытқа дейін балық ресурсын дамыту үшін көптеген игі шаралар атқарылып келеді. Мамандар көктем шығысымен балықтың уылдырығын алып, оны арнайы қондырғыларда күтіп-баптайды. Сосын уақыты келгенде шабақтар өсіп шығады.

Балықтандыру мақсаты:

  • балық шаруашылығын дамыту;
  • Ақмола облысы су қоймаларының биоресурстарын толықтыру;
  • таза қанды балықтарды шығару;
  • спорттық-әуесқойлық аулауды дамыту.

Балық жіберу жұмыстары ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Солтүстік филиалының «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Нұр-Сұлтан қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу