Қосымша ақпарат

«Желілерден таза су айдындары» атты браконьерлікпен күрес бойынша акция

Экология, геология және табиғи ресурстар Министрінің тапсырмасын орындау мақсатында 2019 жылы 17 тамызда «Желілерден таза су қоймалары» акциясы өткізілді.

Акция аясында «ЖасНұр» ӨШК» МКҚК қызметкерлері Целиноград ауылдық округінің әкімдігімен, Целиноград аудандық ІІБ УПИ, Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен және Аршалы ауданы ӨҚ МПҚ ӨПҚ бірлесіп су қоймаларын браконьерлік желілерден тазарту жұмыстарын жүргізді.

Астана су қоймасында 3 бірлік қайықпен заң бұзушылардан 5 бірлік тыйым салынған аулау құралдары (синтетикалық моножіптерден жасалған желілер) және 7 кг. көксерке мен 1 кг. алабұға тәркіленді. Су айдынының маңынан 180 кг. әртүрлі қоқыс жиналып жойылды, оның ішінде 50 метрден 5 бірлік желі.

Қоянды су қоймасында 2 бірлік қайық жұмсалып, браконьерлік желілер табылмады, 100 кг түрлі қоқыс шығарылды.

2019 жылдың басынан бастап «Жаснұр» кәсіпорнының аға қорықшысы Р. И. Айтымбетов Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Ж. А. Қарабаевпен бірлесіп   ҚР АШМ министрінің м. а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығымен бекітілген Балық аулау ережесінің 9 тармақтың 2 тармақшасы, 19 тармақтың 21 тармақшасы, 4 тармағы бойынша 8 бұзушылықты анықтады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу