Жаңалықтар

Қармақ қапқан күн

Елорданың іргесіндегі Қоянды су қоймасында Астана күніне орай респуб­ликалық «Жыл балықшысы – 2017» атты балық аулаудан жарыс өтті.

Биылғы жарыс осымен үшінші мәрте өтіп отыр. Оған 12 команда қатыс­ты. Олардың арасында бас қаладан бөлек, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының әдейі ат терлетіп келген  командалар болды. Биылғы жарыс осымен үшінші мәрте өтіп отыр. Оған 12 команда қатыс­ты. Олардың арасында бас қаладан бөлек, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының әдейі ат терлетіп келген  командалар болды. – Шараның мақсаты – табиғатты аялауға, жақсы көруге шақыру. Табиғат аясына демалуға шыққанда адамдар ешқандай қалдық қалдырмай, тазалық сақтап жүрсе дейміз. Бір жағынан, соны насихаттаймыз. Ал жарыстың жыл сайын ауқымы кеңейіп келеді.

Биыл республикалық дәрежеде өткізіп отырмыз. Сайыстың өз ережесі бар. 12 команданы 3 секторға бөлдік. Әр бөлімге төреші бекітілді. Балықшылар бір орында отырып, фидермен ғана аулайды. Жеңімпаз ауланған балықтың салмағына байланысты анықталады, – деді Астана әкімдігіне қарасты «Жас Нұр» өндірістік-шаруашылық кәсіпорнының Табиғатты қорғау бөлімінің басшысы Жарылқасын Дәулетұлы. Сонымен, таңертең басталып кешке дейін созылған сайыста 2,8 кг балық ұстаған «Астана фишинг клаб» командасы бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орынды «Ордабасы» командасы иеленді. Үшінші орын «Нұр жаса» командасына бұйырды. Жүлдегерлердің бәрі бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Азамат ЕСЕНЖОЛ
Астана ақшамы 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button
Жабу
Жабу