ЖаңалықтарҚосымша ақпарат
Астана күні құрметіне орай спорттық-әуесқойлық балық аулау жарысы

Астана қаласы әкімдігінің «ЖасНұр» өндірістік – шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2017 жылдың 02 шілдесінде Астана күні құрметіне орай, Қоянды су қоймасында спорттық-әуесқойлық балық аулау жарысын ұйымдастырады.
Жарысқа қатысушылардың өтініштері 2017 жылдың 30 маусымына дейін жұмыс күндерінде Астана қаласы, Сейфулин көшесі 30, 22 кеңседе және zhasnur.tabigat@mail.ru электрондық почтасында қабылданады. Анықтама телефондары: 65-26-78; 8701-340-46-70; 87472444850;