Қосымша ақпарат
«Астана күні – 2016» спиннингпен спорттық-әуесқойлық балық аулау жарысына шақырамыз

Астана қаласы әкімдігінің «ЖасНұр» өндірістік-шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2016 жылдың 2 шілдесінде Астана күні құрметіне орай, Астана (Вячеславка) су қоймасында спинингпен спорттық-әуесқойлық балық аулау жарысын ұйымдастырады.
Жарысқа қатысушылардың өтініштері 2016 жылдың 30 маусымына дейін жұмыс күндерінде Астана қаласы, Сейфулин көшесі, 30-үй, 20-кабинетінде және www.jasnur.kz сайтында қабылданады.
Анықтама телефондары 62-62-41, 87015168506, 8707 1931155.